Әйелдер күресі бойынша Қазақстан командасынан Эльмира Сыздықова белгілі «Иван Ярыгин» Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті. Эльмира Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Ол ақтық сында Беларусь спортшысы Ксения Дзибукты 15:4 есебімен ұтты. Жартылай финалда Мария Силинаны ұтқан еді. Жарыс Ресейдің Краснояр қаласында өтіп жатыр.