Танысынан 2,5 млн теңге алып, алдап кеткен күдікті астанада ұсталды, – деп жазады polisia.kz.
Полиция фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Түлкібастық полицейлер күдіктіні іздеу нәтижесінде, оның жергілікті тұрғын екенін анықтады.Түлкібас ауданы ПБ-ға Алматы қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанына шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, сырттай танысы Түлкібас ауданынан 10 сотық жер алып беремін деп сеніміне кіріп, 2,5 млн теңгеге жуық ақша алған.
Полицейлер істің ақ-қарасын ажырату үшін күдіктіні астанада жүрген жерінен ұстап, ПБ-ға жеткізді. Тергеу жүргізіліп жатыр.