Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

Ерболат Досаев  Алматы қаласына әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Ұлттық банк басшысы болды. Бұл туралы "Чиновник" Telegram арнасы хабарлады.

1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған. 1987 жылы – Алматы қаласының О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектеп-интернатын бітірді. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірді. 1997 жылы – «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма төрағасы; 1998 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңесшісі; 1998 жылы – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі; 2000 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі; 2001 жылы – Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы; 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы; 2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі; 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі; 2006-2012 жылдары – «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; 2012 жылғы 25 қыркүйектен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі. 2013 жылғы 16 қаңтардан Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2014 жылғы 6 тамызы – 2016 жылғы 5 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 880) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 2016 жылғы 16 мамырда «Бәйтерек»Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

2019 жылдан бері Ұлттық банкті басқарып келді.