Қазақ спортшыларынан бүгін соңғы болып жарыс жолына конькиші Екатерина Айдова шыққан болатын. Конькимен жүгіруден әйелдер арасында 500 метр қашықтықта сынға түскен ол мұз айдынында қытайлық Тайбэйден келген Хуан Ю-Тинмен жұптасып жүгірді. Жерлесіміз екеуара жарыста мәре сызығын 38,54 секунд көрсеткішімен бірінші болып кескенімен жалпы есепте жүлдегерлер қатарынан көріне алған жоқ.