Абылай Мырзахметов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы қызметінен кетті.
«Басқарма төрағасы ретінде отставкаға кету туралы шешім қабылдадым», – деді Абылай Мырзахметов.Абылай Мырзахметов 1992 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1992 жылы «Алтын-Алма» концерні» АҚ қаржы директоры болып бастады.
- 1995-1997 жылдары – «Айсел-Қазақстан» ЖАҚ бас директоры.
- 1997-1998 жылдары – «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының бірінші орынбасары.
- 1998 жылы «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болып тағайындалып, осы қызметте үш жыл жұмыс істеді.
- 2001-2002 жж. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін басқарды.
- 2002-2004 жж. – «DALA GROUP» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі.
- 2005-2007 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) президенті.
- 2007 жылдан – «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы басқармасының мүшесі.
- 2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті.
- 2011-2013 жылдары – «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы.
- 2013 жылдың қыркүйегінен бастап «Атамекен» Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма бөрағасы болды.