Риддер қаласының маңында, «Өскемен-Риддер-Ресей шекарасы» бағытындағы жолда аюдың қонжығы видеоға түсіп қалған. Куәгерлердің айтуынша, қонжық Ресей шекарасына қарай бағыт алған.
«Мен оны 21 ақпанда видеоға түсіріп алдым. Әуелі жолдың ортасымен жүгіріп, сосын жолды қиып, шетке шығып кетті. Кеше біз Риддерге келгенде күн жылы болды, қар еріп жатыр. Бәлкім аюлар ұйқысынан оянған болуы керек», - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Антон Князев.