1 наурызда доллар бағамы қанша болатыны белгілі болды

1 наурызда доллар бағамы қанша болатыны белгілі болды

Қазақстанның Ұлттық банкі 1 наурызға арналған доллардың ресми бағамын бекітті.  Сонымен сейсенбі, 1 наурызда доллардың теңгеге шаққандағы бағасы 495 теңге болады. Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, бүгін доллардың орташа бағамы 495,00 теңге болды. Ұлттық банк мәліметі бойынша, 26-28 ақпандағы доллардың ресми бағамы 467,09 теңгені құрады. Kurs.kz, мәліметі бойынша қазіргі уақытта Алматыда айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 497,44 теңгеге сатып алып, 503,67 теңгеге сатып жатыр. Нұр-Сұлтанның айырбастау пунктерінде америкалық валютаны орта есеппен 485,43 теңгеге сатып алып, 503,44 теңгеге сатып жатыр.