"ҚТЖ" ҰК 2021 жылғы қаржы көрсеткіштерінің қорытындысын шығарды.
Былтыр компания 120 млрд теңге табыс тапқан. Ал борышы - 1,9 трлн теңгеге жеткен. "2021 жылы қорытынды пайда 120 млрд теңге болды. Борыш 2019 жылғы 57%-дан 2021 жылдың соңына қарай 34,8%-ға дейін төмендеді. Қазір компанияның борышы - шамамен 1,9 трлн теңге. S & P агенттігі "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның ұзақмерзімді рейтингін "ВВ" деңгейіне дейін көтерді", - деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.