Лавров Ресейге қарсы соғыс жоспары ойластырылып жатқанын мәлімдеді

Лавров Ресейге қарсы соғыс жоспары ойластырылып жатқанын мәлімдеді

Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров НАТО елдері Украинамен бірлесіп, ядролық соғыс ашу туралы сөйлесіп жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлады РИА Новости

"Қазір ядролық соғыс туралы әңгіме жүріп жатыр.  Сіздерден осы мәселе төңірегінде айтылған сөздерге және оны кім айтқанына мұқият назар аударуды сұраймын", – деді Лавров.
Ресей СІМ басшысы алдымен бұл сөздерді НАТО бас хатшысы Столтенберг, кейін Украина президенті Владимир Зеленский айтқанына назар аударды. Лавров сырттан Ресейге қарсы соғыс жоспары ойластырылып жатыр деп есептейді.