Украинадағы ең ірі атом электр станциясының жанындағы ғимаратқа Ресей Қарулы күштерінің снаряды түсті. Бұл туралы Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет хабарлады.
"Жаудың үздіксіз атқылауы салдарынан Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы - Запорожье АЭС ғимараттары мен бөлімшелері жанып жатыр", - деп жазды Энергодар қаласының мэрі Дмитрий Орлов Telegram арнасында.Киевтен оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 550 шақырым жерде қарулы қақтығыс болған. Қала мэрі қайтыс болғандар мен жараланғандар бар екенін айтқан. Кейін украиналық БАҚ-тар зардап шеккендер жоқ екенін жазды. Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба да Ресей армиясының зауытты барлық жағынан өртеп жатқанын хабарлады.
"Өрт шықты. Егер ол жарылып кетсе, оның радиациялық қаупі Чернобыльден де 10 есе көп болады. Өрт сөндірушілерге отты өшіруге мұрша беріп, қауіпсіздік аймағын белгілеуі керек", - деп жазды Украина СІМ.
"Энергоатом" мемлекеттік кәсіпорнында АЭС-тегі апат бүкіл әлем үшін ауыр және қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді. Атыс салдарынан өрт сөндірушілерге отты сөндіру қиын болған. Өрттің таңғы 4 шамасында сөндірілгені хабарланды, бірақ ұшқын шығуы мүмкін екені айтылды. Украина президенті Зеленский түнде Еуропа елдерінің көшбасшыларымен, Джо Байденмен және МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гроссимен шұғыл байланысқа шыққан.Russian army is firing from all sides upon Zaporizhzhia NPP, the largest nuclear power plant in Europe. Fire has already broke out. If it blows up, it will be 10 times larger than Chornobyl! Russians must IMMEDIATELY cease the fire, allow firefighters, establish a security zone!
— Dmytro Kuleba (@DmytroKuleba) March 4, 2022
"Еуропа қазір оянуы керек. Еуропадағы ең ірі атом станциясы өртенді. Ресейдің тепловизорлермен жабдықталған танкілері дәл қазір атом блоктарына қарай атқылап жатыр. Олар қайда атылып жатқанын біледі, дайындалған", - деді Зеленский.Оның айтуынша, Запорожье АЭС-інде алты энергоблок бар. 1986 жылы Чернобыльде бір энергоблок жарылған. Айта кетейік, Ресей соғыстың алғашқы күнінде Чернобыль атом электр стансасын басып алды. Бұл АЭС-те 1986 жылы апат болған еді.