Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович Владимир Зеленскийді қантөгісті тоқтатуға шақырды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. "Барлық тарап қақтығыстың аяқталуын күтіп отыр" – Януковичтің үндеуінде былай делінген:
"Сізге "кеңесші" болып жүргендер көп екенін жақсы білемін, бірақ сіз қантөгісті тоқтатып, бейбіт келісімге келуге міндеттісіз. Бұл әрекетті Украина, Донбасс және Ресей де күтіп отыр. Ақылға келіп, осы істі соңына дейін жеткізсеңіз, украин халқы мен Батыстағы серіктестеріңіздің көңілін табасыз".Сондай-ақ, Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің үшінші раунды аяқталған болатын.