Премьер-минитср Әлихан Смайылов Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді. Жедел штабтың кезекті отырысында кедендік-логистикалық инфрақұрылым мәселесі талқыланды. Отырыста ҚХР-мен шекарадағы "Алтынкөл" және "Достық – Теміржол" теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны айтылды.
"Қазіргі таңда 5 автожол өткізу пунктінің 4-і ашық және жүктерді қабылдап жатыр. “Қалжат” өткізу пункті бүгінде эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚХР жағынан жабық тұр. Тараптар Қалжат-Дулаты қызметін қайта бастайтын нақты күндерді келісіп жатыр", — деді ҚР қаржы бірінші вице-министрі.Қазір Үкімет Қытайдан Қазақстанға "Нұр жолы" өткізу пунктінде жүктерді ауыстырып тиеу мәселесін шешкен, сол орайда жүк тасу қызметінің ақысы 2 есе төмендейді.