ШҚО-да жолдың көктайғақ болуынан оқушылар сабақты қашықтан оқитын болды

ШҚО-да жолдың көктайғақ болуынан оқушылар сабақты қашықтан оқитын болды

Көктайғақ салдарынан Шығыс Қазақстан облысының алты мектебі қашықтықтан оқытуға көшті.

Атап айтсақ, қазір Қасым Қайсенов, Мамай батыр, Сағыр, Ново-Канайка, Украинка ауылдарының жолы көктайғақ. Сол себепті Ұлан ауданының алты мектебі қашықтан оқуға көшті. Тіпті, Төтенше жағдайлар департаменті де осы аймақтарда жолдың нашар болатынын хабарлаған.  Олардың айтунша, осыдан бір күн бұрын Алматы – Өскемен тас жолының (778-967 км, Аягөз-Қалбатау) учаскесі енді ашылған.