Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысында көліктің барлық түріне жолға шығуға уақытша шектеулер енгізілді. Бұл туралы «Қазавтожол» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

16 наурызда сағат 01:05-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Батыс Қазақстан облысында ауа райы нашарлап, қатты жел тұрып, боран соғуына байланысты Самара – Шымкент тас жолының Жымпиты – Ақтөбе облысының шекарасына кіретін 394 – 526-шақырымында көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Бұған қоса, Ақтөбе облысындағы аталған тас жолдың БҚО және Маржанбұлақ ауылы маңынан өтетін бөлігінің 526-703-шақырымында да көлік  қозғалысына шектеу қойылды.