Energyprom.kz-тің мәлімдеуінше, Қазақстанда тауық еті бір жылда 17 пайызға қымбаттаған.
Биыл ақпанда бөлшек сауда нүктелерінде тауық еті бірден 17 пайызға, бір келісіне 958 теңгеге дейін өсті. Баға Шымкентте бір жылда 35,2 пайызға артты. Сондай-ақ Түркістан және Қарағанды облыстарында да тауық еті қымбат. Ақпанда тауық бағасы Ақтауда - бір келі үшін 1,3 мың теңге болды. Нұр-Сұлтанда бір келі үшін 1,1 мың теңге. Қазақстанда қаңтарда 8,3 мың тонна жас немесе тоңазытылған үй құсы еті өндірілген, бұл былтырға қарағанда 0,5 пайызға артық. Үй құсының етін өндіретін өңірлер арасында Ақмола облысы көш бастап тұр, онда - 2,9 мың тонна.