Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19, 20 және 21 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Апта аяғында ел аумағына солтүстік-батыс антициклон әсер етеді, сондықтан аяз болып, жауын-шашын жаумайды.

Алайда 20 наурызда солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарға Жаңа Жер аудандарынан келетін циклон әсер ете бастайды. Циклон біртіндеп оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады. 21 наурызда республиканың басқа да бөлігін қамтиды. Сондықтан ауа температурасы көтеріліп, ауа райы нашарлауы мүмкін. Қар жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран болып, жел күшейеді", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, демалыс күндері республикада тұман түседі.