Пітір садақаның мөлшері 500 теңге болып бекітілді

Пітір садақаның мөлшері 500 теңге болып бекітілді

Биыл пітір садақа мөлшері 500 теңге болып белгіленді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.

"Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы мүфтияттың қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды", — делінген ақпаратта.
Елордада бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісі өтті. Жиында наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын мәлімдеді.
"Өзбекстан мен Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, осындай ортақ шешім қабылданған",- делінген хабарламада.
Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болады. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.