2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді, деп хабарлайды Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми сайты. Бақылау қорытындысы бойынша келесі спортшылардың сынамаларынан допинг табылды:
- Әуелханов Абылай
- Сон Игорь
- Потасова Юлия
- Чалкарова Руфина
- Дроздов Алексей
- Макрушин Матвей.
"Допингке нөлдік төзімділік саясатын ұстана отырып, Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға ішкі тергеу жүргізуге ниетті", - делінген хабарламада.