Алматыдағы дауыл SCAT әуекомпаниясының ұшағын орнынан 90 градусқа қозғады – видео

Алматыдағы дауыл SCAT әуекомпаниясының ұшағын орнынан 90 градусқа қозғады – видео

Алматыда қатты жел тұрып, әуежайдағы ұшақты орнынан 90 градусқа қозғады. Бұл туралы телеграмдағы Orda.kz каналы хабарлады. Кадрда Алматы әуежайындағы ұшақтардың бірінде отырған пилоттардың әңгімесі жазылған. Бір сәтте SCAT әуекомпаниясына тиесілі ұшақ қатты желдің екпінінен орнынан 90 градусқа қозғалды. SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі оқиға болған сәтте бортта жолаушылар болмағанын хабарлады. Естеріңізге сала кетейік Алматы қаласы ТЖ департаменті оңтүстік-батыстан секундына 18-23 метрге дейін жел соғып, 30 наурызға қараған түнде таулы аймақта қалың тұман болатынын ескерткен. https://youtu.be/mmN_onfgSDs