Алматыда дүлей дауыл: 21 көлікті ағаш басып қалды

Алматыда дүлей дауыл: 21 көлікті ағаш басып қалды

Алматыда қатты желдің салдарынан ағаштар құлап, көптеген үйдің шатырлары ұшып кетті, – деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті. 21 көлікті ағаш басып қалған.

«112» желісіне ағаштардың құлауы және ғимараттар мен көпқабатты үйлердің шатырын ұшырып әкетті деген 34 хабарлама түсті. Одан бөлек екі жеке тұрғын үйдің ауласын су басты. Троллейбус желісі үзілді», – деп хабарлады қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Жедел жәрдем қызметінің мәліметтері бойынша 2 ересек ер адам жеңіл дене жарақатын алды. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Синоптиктердің хабарлауынша, жаңбыр түнгі сағат 3-ке дейін жауады. Мамандар қала тұрғындарынан көліктерін ағаштардың астында қалдырмауды сұрайды.