Ақтөбеде таеквондодан 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Үш күнге созылған ел чемпионатына 478 спортшы қатысты. Командалық есепте бірінші орын 241 ұпай иеленген Алматы қаласына бұйырды. Құрама еншісінде 7 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль бар. Алматы облысының құрамасы екінші орынға жайғасты. Жетісулық спортшылар 127 ұпай мен 10 медаль алса, оның ішінде 3 алтын, 4 күміс және 3 қола. Ал еншісіне 113 ұпай тиген Қызылорда облысының таеквондошылары үздік үштікті қорытындылады. Олардың еншісінде 8 медаль бар.