IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA Super титулының иегері Риота Муратаға қарсы жекпе-жек өтетін Жапонияға аттанды. Бұл туралы қазақстандық боксшы Twitter парақшасында мәлімдеді.GGG ұшақ салонында түскен суретін жариялап, «Жақында жүздесеміз, Жапония!», – деп жазды. Орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу сарапқа салынатын Головкин – Мурата жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада өтеді.