Жыл сайынғы «TAZA SESSIYA» акциясы аясында отандық жоғары оқу орындары студенттерінің сауалнамасы аяқталды. Ұйымдастырушысы «AMANAT» партиясының жастар қанаты. Небәрі 4 күн ішінде, 28-31 наурыз аралығында, белсенділер 64 университетке барып, Қазақстан бойынша 20 мың студентке сауалнама жүргізді.
«Акцияны өткізудің басты шарты – адалдық пен анонимдік. Сондықтан мен барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамын. Тек бірігіп, біз университеттердегі сыбайлас жемқорлықты жойып, отандық білім беру деңгейін арттыруға үлес қоса аламыз», - деді Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев акция басталған күні.Белсенділер жоғары оқу орындарының саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін, бірақ бәрі бірдей «TAZA SESSIYA»- ға қатысуға келісім бермегенін айтты.
«Өңірлерде университеттер мен колледждер сыбайлас жемқорлыққа толы. Бұл студенттер мен оқытушылар үшін әдеттегі тәжірибе. «Сабақта отырғыңыз келмейді ме? Шоколад алып бер де, кете бер!». Ең өкініштісі, студенттерге бұл жағдай ұнайды», - деді акцияға қатысушылардың бірі.Сауалнама жүргізуге тәуелсіз бақылаушылар, соның ішінде халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік, блогер Алмас Сағынұлы және экстремалды спортшы Сәкен Кагаров, басқа да қоғам қайраткерлері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің өкілдері тартылды.