Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да төмендеді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады. Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,92 теңгеге төмендеп, 462,91 теңгеге тең болды. Айта кетейік, 5 сәуірдегі доллардың ресми бағамы - 472,76 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы - 462,35 теңге, ал сатылым - 467,13 теңге. Нұр-Сұлтанда валютаны орта есеппен 462,17 теңгеден сатып алады, 467,11 теңгеден сатады.