Бүгін Алматы қаласының әкімдігі жылу беру маусымы аяқталғанын мәлімдеді.
"Алматыда күнтізбелік бес күн ішінде гирдрометеорологиялық қызмет тіркеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8⁰ С және одан жоғары болуына байланысты және ұзақ мерзімді ауа райы болжамын назарға ала отырып, қалалық әкімдік 2022 жылғы 5 сәуірде 2021-2022 жж. жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.