«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Аталған іс-шарада Маңғыстау облысының Туризм басқармасының басшысының баяндамасы тыңдалды. Баяндамашы партияның «Әр азаматқа лайықты өмір!» 2021 жылғы Жол картасында жоспарланған жұмыстар бойынша есеп берді. Сондай-ақ туризмді дамытуға бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы туралы ұсынысымен бөлісті. Көтерілген мәселелер көпшілік тарапынан кеңінен талқыланып, жиналысқа қатысушылар қойған сұрақтарға жауап берілді. Сондай-ақ осы күндері «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық филиалы және «Jas Otan» жастар қанаты Ақтау қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ филиалының ХҚК №1 бөліміне мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында аталған мекемеде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еш кедергісіз қызмет алуына жағдай жасалғанына көз жеткізілді. Орталықта арбадағы азаматтар үшін пандус, шақыру нүктелері мен арнайы қабылдау үстелдері қарастырылған. Мұндай жандар шақыру нүктесін басу арқылы өздеріне қажет мамандарын шақыртып, арнайы үстелден керек қызметін ала алады. Дегенмен кемшілік те жоқ емес. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған әжетхана жоқ және ғимарат ішіндегі мініп-түсу жолы жарамсыз күйге түскен. Орталық мамандары мүгедектер үшін арнайы жабдықталған әжетханаға тапсырыс берілген, ол мемлекеттік сатып алу конкурсынан өтіп, енді жеткізілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ орталыққа келе алмайтын азаматтар 1414 нөміріне телефон шалу арқылы арнайы мобильді топ мамандарын шақырта алады. Жыл басынан бері мобильді топ 651 мүмкіндігі шектеулі жанға барып, қызмет көрсеткен. Олардың ішінде ЭЦҚ ашу, құжаттандыру, электронды анықтамалар бойынша қызметтерге сұраныс көп түскен.