Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Қызылорда облысының әкімдерін ауыстырды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарының әкімдері лауазымында атқарған қызметі үшін Махамбет Досмұхамбетовке, Бердібек Сапарбаевқа, Гүлшара Әбдіқалықоваға ризашылығын білдірді» делінген ресми таратылған хабарламада.Бұған дейін Атырау облысының әкімі ауысқанын жазған болатынбыз.