Ресейдің Украинамен шекаралас бірнеше аймағында террорлық қауіптің жоғары деңгейі жарияланды. Бұл режим 25 сәуірге дейін сақталмақ. Оған дейін адам көп жиналған жерлерге бармау, үнемі құжатпен жүру, сондай-ақ күдікті адамдар мен көліктер туралы бірден хабарлау қажеттігі айтылды. Аталған облыстар аумағына бақылау бекеттері орнатылып, полиция мен әскер кезекшілік етеді. Билік мұндай шаралар шекаралық аудан тұрғындарын қорғау мақсатында қолға алынды деп отыр.