Көкшетауда жаппай төбелес болды

Көкшетауда жаппай төбелес болды

Көкшетауда бір топ адам жаппай төбелес ұйымдастырған. Облыстық Полиция департаменті хабарлайды. Төбелес 3:15 шамасында түнгі клуб маңында болған.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары осы төбелеске қатысы бар түнгі клубтың 2 қызметшісін ұстады. Сонымен қатар, оқиға орнынан қашып кетпек болған екі адамды патрульдік полиция бөлімге жеткізді. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды», - дейді ведомстводан.
Алдын ала белгілі болғандай, төбелес клуб қызметкерлері мен келушілер арасында басталған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.