Ақмолада қара бастың қамын ойлап қомақты қаржынықалтасына басып қалған облыстық полиция департаментінің полицейлері қолға түсті. Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетімен қамауға алынған офицерлердің жағдайы белгілі болды. Естеріңізге салсақ, осы жылдың 10 сәуірінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша полиция департаментінің қызметкерлері заңсыз тірліктері әшкере болған. Қоғамда дүрбелең тудырған шулы істің артында Полиция департаменті криминалды полиция басқармасының бастығы Жанболат Айтбаев пен оның қарамағындағы қылмыстық топтармен жұмыс бөлімінің аға уәкілі Дулат Іліпбаев екені анықталды. Олар Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен ІІМ қауіпсіздік қызметі басқармасы қызметкерлерінің арнайы операция кезінде ұсталған. Офицерлердің тергеу барысындаөз қызметін асыра пайдаланғаны анықталып, тергеуге қатысты қаражат тәркіленді. Қазір ұсталған тұлғаларға қамауға алынған. Ал ұлттық қауіпсіздік комиетті қылмыстық кодекстің 361 бабының 2-1 тармағы және 362 бап 4 бөлігінің 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Облыстық полиция департаменті аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді. «Қазір қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, жоғарыда аталғандар қызметтерінен босатылды. Полиция департаментінің бірқатары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - дейді Ақмола облысы полиция департаментінен.