Астанада криптовалюта мәселесін талқылайтын жиын өтеді

Астанада криптовалюта мәселесін талқылайтын жиын өтеді

Биыл 26 сәуірде мемлекеттік сектор және IT-қауымдастықтың жетекші өкілдері, венчурлік қорлар мен бизнес-акселераторлар басшылары Digital Business Day 2.0 форумында бас қосып, Қазақстандағы криптоиндустрия мен инновациялық технологиялар дамуы жайлы әңгіме қозғайды. Форумды стартаптар және инвесторларға арналған Crowdsale Network халықаралық платформасы мен Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы ұйымдастырады. Бас демеуші – ByBit криптовалюта биржасы. Форум мақсаты – IT-қауымдастық пен бизнес өкілдерін, квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік секторды еліміздегі жоғары технологиялардың алдағы дамуын талқылау үшін біріктіру. Digital Business Day 2.0 жыл сайынғы форумның негізгі тақырыптық бағыттары – Blockchain, IoT, Big Data, Artificial Intelligence, AR/VR, Digital Marketing, FinTech, StartUp және т.б.   Қазақстандағы IT-сектордың дамуы туралы Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы төрағасы Исламбек Салжанов, ҚР-дағы Эстония Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті eлшісі Тоомас Тирс, Astana Hub басшысы Мағжан Мадиев, MOST Ventures басқарушы серіктесі Алим Хамитов, BTS Digital бас директоры Нұртай Абилгалиев айтады. Digital Business Day 2.0 жыл сайынғы форумы аясында келесі іс-шаралар өтеді:

  • қазақстандық суретшілер қаламынан шыққан бірінші NFT-көрме;
  • IT-стартаптар байқауы;
  • қазақстандық IT-компаниялар көрмесі.

Форум аяқталғаннан кейін қатысушыларға сұрақтар мен бизнес идеяларды ірі компаниялар және венчурлік қорлар басшыларымен талқылауға мүмкіндік жасалады. Сатылған билеттерден түскен қаражаттың 10% «Жас жауынгер» ерекше балаларды қолдау қорына тапсырылады.

Арман ЕРМАХАН