Алдағы сенбіден жексенбіге қараған түні мегаполистегі Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысында қозғалыс 8 сағатқа шектеледі. Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС өкілдері хабарлады. "2022 жылы 16 сәуірде сағат 22:00-ден 17 сәуір сағат 06.00-ге дейін Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы шектеледі. Аталған орындағы жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде апаттық алдын-алу жұмыстар жүргізу (жабынның апаттық тақталарын ауыстыру) үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Мәжбүрлі уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген аймақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз" делінген хабарламада.
Алматы