Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті. Департамент мәліметінше, Алматы қаласының 27 жастағы тұрғынынан психотроптық зат салынған 23 бума тәркіленді.
"Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар психотроптық "мефедрон" екені анықталды. Патрульдік полиция инспекторлары Түркістан облысының тумасын ұстады. Патрульдік полиция қызметкерлері тыйым салынған препараттар бар-жоғын сұрағанда, ер адам қолында есірткі бар екенін бірден мойындады", - деді Әуезов ауданы полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.Оның сөзінше, күдікті 23 дозаны Әуезов ауданында таратуды жоспарлаған.