Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес нысандарының нақты санын атады.
«Қаңтар оқиғасында 1 630 ШОК субъектісі зардап шекті. Шамамен 38,6 млрд теңге сомасына залал келді. Осыған дейін 1 491 ШОК субъектісі жалпы сомасы 8,3 млрд теңгеге төлем алды», – деді Тимур Жақсылықов.Бұған дейін ІІМ Тергеу департаменті Қаңтар оқиғасына қатысты 1090 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.