ҰҚК мемлекетке опасыздық жасаған бір топ адамды ұстады

ҰҚК мемлекетке опасыздық жасаған бір топ адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен бір топ адамды, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады.

"ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалды", - делінген хабарламада.
Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық істердің «Құпия» белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді.