Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.
– Біз демократиялық өзгерістердің жаңа дәуіріне өткенімізді жариялап, мемлекеттік билікті бұрын-соңды болмаған орталықсыздандыруға, үйлесімді және тепе-теңдік жүйесін нығайтуға кірістік, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестердің Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуға баса мән берілетініне тоқталды.
– Біздің Үкімет ұлттық экономиканың ашықтығына, келісімшарттарға қол сұғылмауына және жемқорлықпен аяусыз күреске бейілділігін сақтайды. Бұл реформалар халқымыздың тарихындағы бетбұрыс кезеңді білдіреді. Біз тұралап қалу емес, қарқынды даму жолын таңдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент шын мәнінде бәсекеге қабілетті, демократиялық және әлеуметтік мемлекет құру үшін әлемнің барлық елімен өзара тиімді әрі достық қарым-қатынастарды нығайтуға ниетті екенімізді айтты. Рәсім соңында Мемлекет басшысы дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшысына жүрекжарды сәлемін жолдады. Сондай-ақ жиынға қатысушыларды қасиетті Рамазан айымен, Пасха мерекесімен және Лаос Жаңа жылымен құттықтады.