Жұлдыз Ешимова әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынын тағы бір қола жүлдемен толықтырды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Әйелдер күресі бойынша 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жұлдыз Ешимова жарыстың қола жүлдегері атанды. Ол жұбаныш финалында өзбекстандық Актенге Кеунимжаевамен кездесті. Екеуара кездесу 5-1 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді. Айта кетерлігі, бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының аталмыш құрлық біріншілігіндегі төртінші медалі.