Көмектесемін деп ажал құшты – павлодарлық ана бұзақылардың жазасыз қалмауын сұрайды

Көмектесемін деп ажал құшты – павлодарлық ана бұзақылардың жазасыз қалмауын сұрайды

Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында белгісіз бұзақылар ағайынды үш жігітті анасының көзінше аяусыз соққыға жығып, ұрып кетті. Ұлдарының соққыға жығылғанын айғақтайтын бейнежазбаны Айгүл Әмірованың өзі Instagram желісіндегі парақшасына салды. Ол болған оқиғаны бастан-аяқ баяндап берген. «Мен олардың жанында болдым. Бұзақылар «Төбелесті тоқтатыңдаршы» деген сөзімді елеген де жоқ. Қайта өзімді де ұрып жіберді. Ортаншы және кенже ұлым ес-түссіз жатты. Оңбағандар балаларымның басына секірді. Кіші ұлымның құлағы, жақ сүйегі, мұрны сынды, миы шайқалды. Мәдениет пен Дәулетке баллоннан газ шашты. Ауыр соққылардан екеуі де есінен танып қалды. Соған қарамастан, әлгілер ұлдарымды ұрып-соға берді», - деген Айгүл Әмірова.  

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Айгуль Исаева (@_amirova_73)

Жанжал кезінде үлкен ұлы Әли де, әйелдің өзі де полиция шақыруға тырысып, 112-ге бірнеше рет қоңырау шалған. Алайда, полиция қызметкерлері қоңырауға дер кезінде жауап бере қоймаған. Осы кезде әйелдің көмек сұрап жанұшыра айқайлаған дауысын естіп, бір жігіт жүгіріп жетеді. Араша түспек болған оған да бұзақылар пышақ салып үлгерген. «Жаға жыртысу кезінде бізге көмектеспек болған жігіт те ауыр жараланды. Кейін ол ауруханада көз жұмыпты. Марқұмның есімі Руслан екен. Спорт шебері болыпты. Өте өкінішті! Ата-анасына кіріп, көңіл айтып, кешірім сұрадым. Ол кісілерге оңай емес екенін білемін. Алла сабыр берсін. Осы масқараға кінәлілер жауап беріп, тиісті жазаларын алуын сұраймыз! Әділдік орнауы тиіс! Сотқа шағым бердік. Барлығы заң шеңберінде шешілуін талап етемін», - дейді А.Әмірова.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Айгуль Исаева (@_amirova_73)

Соққыға жығылған үш бала қазір қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.