Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АМАNAT» партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде конституциялық реформаға қатысты ой бөлісті.
«Шын мәнінде, конституциялық реформа – тәуелсіздік тарихындағы жаңа белес. Мұның бәрі уақыт талабынан және қоғам сұранысынан туындап отыр. Біз Жаңа Қазақстанды құру үшін батыл өзгерістер жасауымыз керек. Бұл өзгерісті әркім өзінен бастауы қажет» – деді Мемлекет басшысы.