Түркістан облысындағы Қарнақ ауылының халқы асарлатып 3000 орындық мешіт салды. Ғибадат үйі ертең – Ораза айт күні ашылады деп жоспарланып отырғандығын айтады «ҚазАқпарат» тілшісі. Жаңа мешіт Кентау қаласына қарасты 2 мың жылдан астам тарихы бар Қарнақ ауылының кіреберіс бөлігінде орналасқан.
Ерекше сәулет үлгісінде салынған ғибадат үйі үш қабаттан тұрады. Оның қазығы 2019 жылы қағылып, үш жылдан астам уақыт бойы құрылысы жүргізілген. Мешіттің бой көтеруіне барлық қазақстандықтар күш салып, үлес қосты. Яғни, асарлату әдісі қолданылды. Мешіттің құрылысына шет мемлекетте жүрген қазақстандық жомарт жандардың да үлесі бар.