Естімеген елде көп. Тараз қаласында қажылыққа кетуге жинап отырған әйелдің ақшасын күйеу баласы тонап кетті.
66 жастағы азаматшаның үйіне түнгі сағат 00:20 шамасын екі еркек баса-көктеп кіріп, оның 2450 АҚШ долларын, 100 000 теңгесін, 2 алтын сақинасы мен ұялы телефонын қолды қылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстаған. Олар Тараз қаласының 47 және 51 жастағы тұрғындары. Ал ең сорақысы күдіктінің бірі жәбірленушінің туған күйеу баласы болып шықты. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, тергеу амалдары жүргізілуде.