Каспий теңізіне құйылып жатқан қара сұйықтықтың құрамы тексеріледі. Бұл туралы EcoMedia Telegram арнасы хабарлады.
«Маңғыстау облыстық Экология департаменті осы факті бойынша жедел әрекет ету мақсатында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ға тиесілі ЖЭО-1 аумағына барды. Тексеру барысында атмосфералық ауа сынамалары алынды. Сондай-ақ су жинау каналындағы судан да сынама алынды, оның нәтижесі тексеріліп жатыр» делінген ресми мәлімдемеде.Судан алынған сынаманың талдау нәтижесіне қарап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім шығарылады.