Жамбыл облысында полицейлерге шабуыл жасағандарға оқ атуға тура келді. Оқиға түнгі сағат 2.00 шамасында орын алған. Бейнежазбаны orda.kz тілшілеріне оқырмандар жіберген. Онда бір топ адам полицейлердің бірін көгалдан аяусыз сүйреп өтеді. Бір кездерде ол жақтан жарылыс пен атыс естіледі. Жамбыл облысы бойынша полиция департаменті мамандары аталған деректі растады. Түнгі төбелеске қатысқандардың барлығы бұған дейін ұсталған болып шықты.
«Шу қаласындағы вокзал алаңының маңында патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірі жоқ «ВАЗ-21014» автокөлігін тоқтатқаны анықталды. Мән-жай анықталған кезде, көлік жүргізушісі мен жолаушылары заңды талаптарға бағынбай, басқа да таныс адамдармен бірлесіп, құзырлы органдарға қарсылық көрсеткен», - делінген ресми хабарламада.Қазір Шу аудандық полиция бөліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі (Билік өкіліне күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазірдің өзінде заңсыз әрекеттерге қатысушылардың барлығы анықталып, олармен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Шабуыл жасағандар мен полицияның жарақат алғаны туралы мәлімет жоқ.