Алматыда бірнеше үй ыстық сусыз қалғалы тұр

Алматыда бірнеше үй ыстық сусыз қалғалы тұр

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір күнге ыстық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің өкілдері хабарлады. Олардың айтуынша, қаладағы жылумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін осындай шектеулер енгізіліп отыр. «2022 жылғы 18 мамыр сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданының аумағында орналасқан Жароков – Әл-Фараби – Гагарин – Ходжанов көшелерінің контурындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттар ыстық судан ажыратылады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз» делінген «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-і таратқан хабарламада.

Алматы