Ертең Алматыда шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында қазақ телевизиясының майталманы, комментатор Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді. Еліміздің 8 өңірінен барлығы 16 команда қатысады.
Саналы ғұмырын журналистикаға арнап, халықтың мұң-мұқтажын қаламмен тербей білген Аман ағамыз былтыр 52 жасында мәңгілік мекенге аттанып кетті. Алайда, футболды өзімен егіз қойған ағамыз өмірінің соңына дейін спортпен айналысты.
- Aikyn-Liter (Нұр-Сұлтан қаласы),
- Dream-team Сейітхан (Алматы қаласы),
- Effective media Liaison (Алматы қаласы),
- Абай-ақпарат (Абай облысы),
- Айтыскерлер құрамасы (Қазақстан Республикасы),
- Ақмешіт (Қызылорда облысы),
- Атырау құрамасы (Атырау облысы),
- КТК (Алматы қаласы),
- Қазақстан ТВ-Қазақ радиосы (Алматы қаласы),
- Қарекет (Жетісу облысы),
- Спорт журналистері (Қазақстан Республикасы),
- Тұран-Түркістан (Түркістан облысы),
- Түркістан телеарнасы (Түркістан облысы),
- Шымкент (Шымкент қаласы),
- Хабар (Астана қаласы),
- Экспресс-К (Астана қаласы),