Африка елдеріне тән маймыл шешек ауруы Еуропа елдерінде анықталып, жұқтырғандар саны 92-ге жетті. ДДСҰ мәліметтері бойынша, 13 мамырдан бастап Австралия, Бельгия, Канада, Франция, Германия, Италия, Нидерланды, Португалия, Испания, Швеция, Ұлыбритания және АҚШ-та осы ауру түрін жұқтырғандар расталды.
"Бүгінде осы аурумен байланысты бірде-бір өлім тіркелген жоқ", - делінген ұйым хабарламасында.Маймыл шешегі адамдарға жануарлардан беріледі.