Грузияға 30 мың долларды заңсыз алып өтпек болған адам ұсталды

Грузияға 30 мың долларды заңсыз алып өтпек болған адам ұсталды

Мемлекеттік кірістер комитеті 30 мың АҚШ долларын шекарадан заңсыз алып өтпек болған адамның жолы кесілгенін хабарлады. Ол Ақтау – Тбилиси бағытындағы халықаралық әуе рейсімен ұшып кетпек болған. Айта кетейік, ел Президентінің биыл 14 наурыздағы Жарлығында Қазақстаннан 10 мың АҚШ доллары мөлшерінен асатын Ұлттық банк бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасын, Ұлттық банк шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын және ALTYN BARYS алтынынан, КÚMIS BARYS күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салған болатын.