Алдағы екі күнде Алматының бірнеше үйі жарықсыз қалғалы тұр

Алдағы екі күнде Алматының бірнеше үйі жарықсыз қалғалы тұр

Маусымның 1-і мен 2-сі күндері шаһардағы  «Шаңырақ-2», «Көк-Қайнар» шағын аудандарында электр қуаты ажыратылмақ. Жөндеу жұмыстарына байланысты жеке сектордағы үйлерде электр қуаты өшіріледі, – деп хабарлады «Алатау жарық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі. «1 маусымда жоғары вольтты желідегі апаттық жөндеу жұмыстарына байланысты сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін аталған шағын ауданның тұрғын үйлерінің 1131 абонентінде электр жарығы болмайды» делінген ресми  мәліметте. Аталған аудандарда жарықтан ажырату  2 маусымда да жалғасады. Дәл осы уақытта шағын аудандардағы тұрғын үйлердің біаразында электр жарығы болмайды. Мәселен, Шаңырақ-2 ықшамауданындағы Жанқожа батыр көшесі, 209-586 және Шаңырақ-1 аудандарындағы  М. Өтемісұлы көшесіндегі 108-217 үйлер электр энергиясынан ажыратылады. Жалпы екі күндік жөндеу жұмыстарына байланысты 701 абонентте электр жарығы өшіріледі.

Алматы