Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері конституциялық реформаларды саралады. Кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова қатысты.
«Жаңа Қазақстанның бейнесі бірінші кезекте білім беру жүйесінде қалыптасады. Саяси жүйені өзгертпей, экономикалық және әлеуметтік процестер мүмкін емес. Бізде билікті орталықсыздандыру жүзеге асырылады. Президенттің өкілеттігі қысқаруда. Саяси қозғалыстар құру мүмкіндігі кеңеюде», – деп атап өтті депутат.
Кездесуге қатысушылар алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті. Конституциядағы өзгерістерге қатысты филология ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры Рахымжан Тұрысбек өз пікірін білдірді.
«Ұсынылып отырған реформаларда жаңа Қазақстан бағытында эволюция байқалады. Біз жаңа қоғамға қадам жасаймыз. Жаңа мақсаттар мен ұлттық құндылықтарға жол ашылуда. Мемлекет тағдыры – ұлт тағдыры. Парламенттің рөлі артады, халықтың дауысы алда болады», – деді ғалым.