Маусым айынан бастап Қырғызстанның үш мемлекетаралық пойызы Ресейге Қазақстан арқылы өтетін болады. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, үш пойыз да Бішкектен шығады. Олар:
- 17/18 «Бішкек-Самара» пойызы (Бішкектен 8 маусымнан бастап, ал Самарадан 10 маусымнан бастап аптасына 2 рет қатынайды);
- 305/306 «Бішкек — Шу/Қазан» пойызы (Бішкектен 6 маусымнан бастап, Қазаннан 9 маусымнан бастап аптасына 1 рет қатынайды), дәл осы пойыз 113/114 «Алматы-Қазан» пойызының құрамымен Шу станциясын қоса біріктіріліп қатынайды;
- 385/386 «Бішкек – Новосібір» пойызы (Бішкектен 9 маусымнан бастап, Новосібірден 11 маусымнан бастап 8 күнде 1 рет қатынайды).
"Егер жолаушыларда ПТР-тест нәтижесі немесе COVID-19 вакцинациялау паспорты болмаса, онда вагонға отырғызуға жіберілмейді", – делінген хабарламада.